18:15, 24 Сәуір 2025 | GMT +5
Жетісу облысындағы жол апатынан екі адам қаза тапты
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысында тас жолда көлік аударылып, екі адам қайтыс болды.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алматы-Өскемен тас жолында болды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
— Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, - деп хабарлады ведомстводан.
Осыған дейін, 21 сәуір күні Алматы-Бішкек автожолының 86 шақырымында жол апаты болып, төрт адам көз жұмған еді.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан екі жасөспірім қаза тапқаны туралы жазған едік.