Жетісу облысының аумағында жарық өшіп қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Бүгін сағат 14:00 шамасында Жетісу облысының бүкіл аумағында электр қуаты жаппай сөнді. Бұл туралы «ТАТЭК» АҚ Электр желісінің компаниясы хабарлады.

лампочка
Фото: pixabay.com

Алдын ала мәлімет бойынша, жарық Талдықорған қаласында және облыстың өзге де елді мекендерінде толықтай жоқ.

Электр қуатының болмауына байланысты жолдағы бағдаршамдар да істен шыққан. Сағат 15:30–дағы жағдай бойынша жарық әлі қосылған жоқ.

Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Ресми қызметтер электрмен жабдықтауды қалпына келтіру және жағдайды реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, 1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясы тарифі өзгеретінін хабарлағанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар