«Жетісу» өз алаңында «Шахтерді» ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-турында соңғы матчта «Жетісу» (Талдықорған) өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады.

футбол
Фото: jetisufk/Instagram

Талдықорғандықтар ойын тізгінін бірден қолына алып, басымдыққа ие болды.

Бірінші таймның соңғы минутында команда капитаны Серікжан Мужиков 11 метрлік айып добын дәл орындады — 1:0.

Екінші кезеңде қарағандылықтар есепті өзгертуге тырысқанымен, одан ештеңе шыққан жоқ.

Бес турдан кейін 7 ұпай жинаған «Жетісу» 8-орынға көтерілді.

Небәрі үш ұпайы бар «Шахтер» 12-сатыда, қауіпті аймақта қалды.

Алтыншы тур ойындары 27-28 сәуірде өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан ел чемпионатында «Қайратты» ұтқан «Ақтөбенің» көш басына шыққанын жазған болатынбыз. 

Бүгін «Астана» мен «Тобыл» командалары тең тарқасты. 

Соңғы жаңалықтар