«Жетісу» волейбол командасы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық «Жетісу» волейбол клубы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы матчын өткізді.

волейбол
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ұлттық команда алғашқы ойында Италияның «Савино Дель Бене» клубымен кездесті.

Кездесу 3:0 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды (25:22, 25:21, 25:20). А тобындағы келесі ойында «Жетісу» Перудің «Альянса Лима» клубымен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХХIV Қазақстан чемпионатының екінші турында «Жетісу» клубы (Талдықорған) көшбасшылық орнын сақтап қалды.

 

Соңғы жаңалықтар