Жетісуда 13 жастағы қызды ит талап тастай жаздады

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында болған. Жарияланған фотосуретте иттің қызды қауып алып, аяғын тырнағаны көрінеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

 животные
Фото: freepik.com

Ескелді ауданының орталық ауруханасы жасөспірім медициналық мекемеге уақытылы жеткізілгенін атап өтті.

— Баланы травматолог дәрігер қарады. Қажетті алғашқы медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес құтырмаға қарсы вакцинация жасалды. Тиісті ем тағайындалып, әрі қарай бақылау бойынша ұсыныстар берілді. Пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Көмек көрсетілгеннен кейін бала тұрғылықты жерінде амбулаториялық ем алу үшін жіберілді, — делінген хабарламада.

Жетісу облысының полиция департаменті жануардың иесі анықталғанын хабарлады.

— Полиция қызметкерлері иттің иесін анықтап, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзған Елтай ауылының тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Құқық қорғаушылар үй жануарларын ұстау ережелерін сақтау — формальдық емес, айналадағы адамдардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін еске салды.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі аймақта қаңғыбас жануарларды ұстауға жауапты ұйым анықталғанын және ол жақын арада жұмысқа кірісетінін хабарлады.

Бұған дейін Алматы облысында бір адамның он шақты иті 52 жастағы әйелді талағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум