Жетісуда 14 жасар қызын айуандықпен өлтірген ерлі-зайыптыға үкім шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорғанда кәмелетке толмаған қызды азаптап, қасақана өлтірген ерлі-зайыптылардың ісі бойынша сот отырысы аяқталды. 14 жасар Карина Дорохинаның өліміне туған анасы мен өгей әкесі кінәлі деп танылды.

үкім
Фото: Меруерт Мұратбекқызы

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ерлі-зайыпты М. және Е-ге қатысты ҚК 121-бабы 3-2-бөлігі 3-тармағы, 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 7, 10, 14-ші тармақтарымен айыпталған қылмыстық істі қарады.

Сот таратқан мәліметке сүйенсек айыпталушы М. 2023 жылдың күзінде кәмелетке толмаған жәбірленушіге қарсы күш қолданып, өгей әкесі бола тұра сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған. 

сот залы
Фото: Меруерт Мұратбекқызы

Тергеу мәліметінше, М. және Е. алдын ала сөз байласып, қылмысты жасыру мақсатында қызды қасақана өлтірген.

— Сот үкімімен М. 121-бабының 3-2 бөлігі 3-тармағы, 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 7,10,14-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімімен Е. 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 7,10,14-тармақатрыменкінәлі деп танылып, оған 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай- ақ, одан жәбірленуші өкілінің пайдасына 15 млн. теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — деді Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, аталған жантүршігерлік қылмыс 2023 жылдың соңында болған еді. 

Талдықорғанда 14 жасар қыз екі ай бойы сабаққа бармай, жоғалып кетті.

Кейіннен жасөспірімнің жоғалуына күдікті ретінде анасы мен өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды.

Тергеліп жатқан Каринаның ата-анасы қылмыс жасағандарын мойындап, қыздың денесін көмген орынды көрсетті.

Осылайша облыс полицейлері қыздың жерленген жерін тауып, денесін қазып алды. 

 

Соңғы жаңалықтар