Жетісуда 181 жұмысшыға 30 млн теңгеден астам жалақы мен үстемеақы төленді - прокуратура

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысында прокуратураның араласуынан кейін жұмысшыларға жалақы берешегі және үстеме жұмыс үшін жалпы сомасы 30 млн теңгеден астам қаражат төленді.

жалақы
Фото: Kazinform

- Конституцияның 24-бабында әркімнің еңбегі үшін ешбір кемсітусіз сыйақы алу құқығы бекітілген. Алайда прокурорлар «Жаркент Фрукт» ЖШС-нің 66 жұмысшыға 16 млн теңгеден астам жалақы төлемей, олардың еңбек құқығын бұзғанын анықтады, - деп жазды бақылаушы органнан.

Сондай-ақ, Текелі қалалық ауруханасында белгіленген кестеден тыс жұмыс істеген 115 медицина қызметкеріне үстемеақы төленбегені белгілі болды. Берешек сома 15 млн теңгеден асқан.

Панфилов ауданы мен Текелі қаласы прокурорларының қадағалау актілері нәтижесінде жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлық берешек өтелді. Осылайша 181 адамның конституциялық құқығы қорғалды.

Айта кетейік, Астанада балабақша қызметкерлеріне 1 млрд теңге жалақы қарызы төленді.

Соңғы жаңалықтар