09:54, 08 Сәуір 2026 | GMT +5
Жетісуда құтқарушылар Балқашты бақылауда ұстап отыр
АСТАНА.KAZINFORM — Жетісу облысында Балқаш көлі аумағында құтқарушылар күн сайын патруль жүргізіп жатыр.
Қайықтың көмегімен мамандар көл акваториясын бақылауда ұстап, жетуі қиын учаскелерді тексереді.
Қазіргі уақытта көлде мұз біркелкі емес: кей жерлерде ашық су, кей тұстарда жұқа мұз бен мұз кесектері байқалады.
Мұндай жағдай адамдар үшін аса қауіпті.
Құтқарушылар азаматтарды су айдындарына жақындағанда барынша сақ болуға шақырады.
Айта кетелік ТЖМ құтқарушылары Есіл өзенінде патрульдеу жұмыстарын жүргізді.