Жетісуда ірі алаяқтық қылмыс әшкереленді

АСТАНА. KAZINFORM — Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды. 

Жетісуда ірі алаяқтық қылмысы әшкереленді
Фото: polisia.kz

33 және 34 жастағы екі ер адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. 

Алаяқтардың алғашқы құрбаны — Қытай азаматы болған. Олар бұл азаматқа автокөліктерін Грузияға жеткізіп береміз деп уәде беріп, алты көлігін алып кеткен: Jetour (үш автокөлік), Mercedes C260, Mercedes C260L және Mercedes GLC 260L.

Кейін бұл көліктер Шымкент пен Жамбыл облысына жеткізіліп, таныстарына сатылған. Алаяқтар мұнымен тоқтамаған. Келесі құрбан — көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкер болған.

Беларусь Республикасына көлік жеткізу үшін автокөлік тасымалдайтын көлігі бар жүргізуші іздеген кәсіпкер алаяқтармен танысқан. Бұл жолы олар жеті көлікті иемденген: Range Rover, Mini Cooper SE, Li 7 (үш автокөлік) және екі Li 9 (2 автокөлік).

Қытайлық бес көлік Жамбыл облысына жеткізіліп, алаяқтардың ортақ танысына сатылса, қалған Range Rover мен Mini Cooper SE Алматыда арзан бағамен өткізілген.

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілер қамауға алынды. 

Айта кетелік БҚО-да 35 млн теңге жымқырған аурухана бухгалтері 7 жылға сотталған еді

Соңғы жаңалықтар