17:24, 22 Қаңтар 2025 | GMT +5
Жетісуда Талдықорған-Көлбай автожолына шектеу қойылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылып, жолдар жабылды.

«ҚазАвтоЖол» 2025 жылы 22 ші қаңтар сағат 16:15–тен бастап Талдықорған қаласынан Көлбай ауылдық округіне дейінгі аралықта күн райының құбылып, қарлы боран соғуы салдарынан жолдың жабылғанын мәлімдеді.
— «Алматы-Өскемен» автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскесінде Талдықорғаннан — Көлбай ауылы на дейін көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Жолды ашу 23 қаңтар сағат 9:00-ге жоспарланған.
Еске салайық, осыған дейін Теміртаудан Астанаға қарай қозғалыстың қайта жанданғанын және Ақмола облысындағы жолдарда 40 бақылау-өткізу бекеті орнатылғанын жазғанбыз.