Жетісуда жаз мезгілінде 4 адам суға батып кеткен, оның екеуі бала

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісуда шомылу маусымы басталғаннан 1 шілдеге дейін өзен-көлдерде 4 адам суға батып, мерт болған. Олардың екеуі балалар.

дчс утонули
Фото: Жетісу облысының ТЖД

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтерінше, қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға тыйым салынған жерлерде болған. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде мұндай оқиғалар саны бесеу болған. Биылғы жазда құтқарушылар 36 адамды, оның ішінде 13 баланы аман алып қалды.

Өңір аумағында ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 5 орын және тыйым салынған 76 жер бар. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алакөл мен Балқаш көлдерінің жағалауларында, сондай-ақ Талдықорған қалалық жағажайында жазғы маусым бойы құтқарушылар күн сайын кезекшілік атқарды.

2025 жылғы жазда суда тәртіп бұзғаны үшін 51 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 746 мың теңгеден асатын айыппұл салынды. Бұдан бөлек, көлік бақылау инспекциясы шағын көлемді кеме иелерінің 208-ін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін айыптады.

Осыған дейін Қызылордада шомылу маусымында 25 адам суға батып кеткені туралы жаздық.

Сондай-ақ Ақтөбеде екі адам суға батып кетті.

 

Соңғы жаңалықтар