Жетісуда жол-көлік оқиғасы бір жылда шамамен 3 есе өскен

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM- Жетісу облысында жыл басынан 600-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 120 адам көз жұмды. Жолдың ең апатты-қауіпті аймағы «Алматы-Өскемен» трассасының 124-616- шақырымындағы аралық. Биыл онда 95 оқиға тіркелген.

Жетісу
Фото: Жетісу облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында тіркелген көлік апатының басым бөлігі Талдықорған қаласында болған. Облыс орталығында бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасы шамамен 3 есе өскен. Мәселен, өткен жылы 91 апат тіркелсе, биыл 250 ден асқан. Қаза тапқандар саны азайғанмен, зардап шеккендер көп. Ал, Панфилов пен Көксу аудандарында көлік апатынан қаза тапқандар саны артқан.

Жетісу облыстық полиция департаментінің дерегінше, 2024 жылдың 10 айында жылдамдықты шектен тыс асыру себебінен — 224 жол апаты тіркеліп 56 адам көз жұмған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысына қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзуынан — 34, қарсы қозғалыс немесе басып озу ережелерін бұзудан 24 жол көлік оқиғасы тіркелген. Екі ауданда қаза тапқандар саны артқан. Былтырғы жылмен салыстырғанда Алакөл ауданында 11-ден 16-ға дейін (5) және Кербұлақ ауданында 8-ден 16-ға (8) дейін өскен.

«Аталған аудандарда адам өлімімен ЖКО өсуінің тағы бір себебі, ҚАПББ бастықтарымен осы аумақта қызмет атқаратын Патрульдік полиция батальон қызметкерлері және оның басшыларымен дұрыс шаралар қабылдамауынан болып отыр. Өліммен аяқталған ЖКО-ның әрбір дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлі тұлғалар мен олардың басшылары барлығы 25 қызметкер қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды, қызметтен босатылған жоқ» — деді баспасөз алаңында баяндама жасаған жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайсар Мұхметов.

Облыс аумағында көлік апатының алдын алу мақсатында апта сайын жұма, сенбі және жексенбі күндері жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жедел -профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Қазіргі уақытта 3 қызметтік автокөлікте «Ekin-Patrol» автоматты тіркеу жүйесі қосылған жылдамдық өлшегіштер орнатылып, қызметте қолданылуда.

Оның көмегімен жылдамдықты асыру бойынша 15 304 дерек анықталып, жүрізушілерге 266 млн 377 мың теңге айыппұл салынған. Сонымен қатар, 2024 жылдың 14 — шілдесінен бастап 216 «СЕРГЕК» автоматты бекіту жүйесінің камералары орнатылған. Балалар қауіпсіздігі үшін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде 100-ге жуық балалар макеті қойылды.Еске салайық бұған дейін Жетісуда 30 жылдан бері жөнделмеген жолға асфальт төселгенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар