Жетісулық жас ғалым шыбыннан тыңайтқыш әзірледі

АСТАНА. KAZINFORM —  Жетісулық жас ғалым «қара сарбаз» шыбыны арқылы экологиялық технологияларды әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

Жетісулық жас ғалым шыбыннан тыңайтқыш әзірледі
Фото: Видеодан алынған скрин

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айгерім Қамбарова шыбыннан тыңайтқыш әзірледі.

Жас ғалым «қара сарбаз» шыбынын өсіріп, шыбынның дернәсілдерінен жемшөп қоспасын және органикалық тыңайтқыш әзірледі. Жас ғалымның айтуынша, қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігі мен жер құнарын сақтау өзекті мәселе болып отыр.

— Бүгінде ауыл шаруашылық жануарларына арналған табиғи жемшөп қоспаларының тапшылығы сезіліп, топырақ тозып барады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін «қара сарбаз» шыбынын пайдаланып, органикалық тыңайтқыш ойлап таптық. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін күрделі технологиялық шешімдер қажет емес. Шыбындар мен дернәсілдерді оңтайлы климаттық жағдайлармен қамтамасыз ету арқылы оны жыл бойы өсіруге болады, — дейді жас зерттеуші. 

Айта кетелік «Орталық Азия — Қытай» саммиті: 2026 жылды ғылыми зерттеулер жылы деп жариялау ұсынылды

Соңғы жаңалықтар