«Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдарының құрылысы басталды

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өтіп жатқан Индустриялық форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдарының құрылысын бастауға рұқсат берді.

«Биылғы Жолдауыңызда сіз «Жезқазған-Бейнеу» темір жолын салу туралы айтқанда қуанышымызда шек болмады. Бұл - ғасырлық мәні бар ғаламат жоба! Бұл - ата-бабамызға арман болған азаттығымыздың, Сіздің кемеңгер басшылығыңыздың жемісі деп білеміз. Осы темір жол іске қосылғаннан кейін жаңа өңірлер игерілетін болады. Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, облыс халқының , жалпы қазақ жұртының айтар алғысы шексіз. Біз бірлігі бекем елі мен өзіңіздей көреген көшбасшысы бар еліміздің  келешегі кемел боларына кәміл сенеміз», - деді онлайн-режімде елордамен байланысқа шыққан Жезқазған қаласының құрметті азаматы Батырбек Мырзабеков.

«Бұл Қазақстан үшін ғасырлық жоба деп атауға болады. Көптен бері аңсап келе жатқан, қаражат болмай қол жетпей келе жатқан үлкен жоба. Бұлай дейтініміз, бір жағынан 1 мың шақырымнан артық темір жолды қазіргі заманда дүниеде ешбір мемлекеттер салып жатқан жоқ. Күштері жетпейді. Біз тәуелсіздіктің арқасында осы жылдарда 1300 шақырым жол салдық. Қостанай мен Ақтөбені қостық. Сыртқа шығып жүрген шығыстағы өзіміздің жолды қосып, Өскеменге Қазақстан арқылы баратын болдық. Анау күні Қытайдың шекарасымен Алматыны қостық. 300 шақырымдық. Енді мына жолдың маңызы өте зор. Себебі Жезқазғанның, Арқалықтың экономикасы өркендейтін болады. Орталықтан, шығыстан Каспий өңіріне, батысқа қарай тасымалданатын біздің тауарлардың бағасы арзандап, сапасы жақсарады, оларды жеткізу жылдамдығы артады. Бұл өте үлкен күрделі жұмыс. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл 700 млрд. теңге тұратын жоба», - деген Мемлекет басшысы құрылыстың басталуына рұқсат берді.

Соңғы жаңалықтар