Жезқазған қаласы ішкі істер басқармасының бастығы ауысты

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Арқалық Әбеуов тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа басшыны жеке құрамға және ішкі істер басқармасының ардагерлеріне Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Нұрлан Рахымберлин таныстырды. А.Әбеуов Жезқазған және Сәтбаев қалаларының ішкі істер басқармаларында түрлі лауазымдық қызметтерді атқарған. Жаңа басшылық алдына қылмысқа қарсы күресте, қоғамдық тәртіпті сақтауда және қылмысты ашуда полиция қызметін жақсартуға бағытталған нақтылы міндеттер қойылды.
Соңғы жаңалықтар