Жезқазған қаласының тұрғыны сүйіктісімен татуласу үшін гүл дүкенін тонады

ҚАРАҒАНДЫ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының тұрғыны сүйіктісімен татуласу үшін гүл сатып алуға қалтасында ақшасы болмаған соң ұрлыққа барды.  
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабараланды.

Полицияның берген ақпаратына қарағанда, оқиға 1 сәуірде болды. Жас жігіт гүл дүкеніне кіріп, сөреде тұрған бір шоқ гүлді алып, қашып кеткен. «Ұрыны өзі қуып жете алмаған сатушы полицияны шақырған. Кезекші патруль бұзақыны «ізі суымай» ұстап, ұрланған гүл шоғын сатушыға қайтарды», - деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жас жігіттің сөзіне қарағанда, ол сүйіктісімен татуласу үшін гүл сатып алмақ болған. Оның ақшасы болмаған соң, осындай оқыс әрекетке баруға бел буған.  

Соңғы жаңалықтар