13:02, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жезқазған мен жақын орналасқан ауыл мектептеріне Қазақстанның белгілі қайраткерлерінің есімдері берілді
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазған аумағындағы бірқатар мектептерге Қазақстанның белгілі қайраткерлерінің есімдері берілді. Жезқазған әкімдігінің осындай шешімі қалалық мәслихат депутаттарының XVI сессиясында мақұлданды.
Жезқазғандағы №1 орта мектеп енді Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп, №4 мектеп Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп, №9 мектеп Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп, №10 мектеп Міржақып Дұлатов мектеп, №13 мектеп Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп, №21 мектеп Мұстафа Шоқай атындағы орта мектеп, №26 гимназия Шоқан Уәлиханов атындағы гимназия болып аталатын болды. Мұхтар Әуезовтың аты Кенгір ауылындағы №2 мектепке берілсе, Талап ауылының №6 орта мектебі Қайрат Рұсқұлбеков есімімен аталатын болды.
Бұл шешімдер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығының келе жатқандығына байланысты қабылданып отыр.