Жезқазған өңірін әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспары аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуға бағытталған

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жезқазған өңірін әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспары аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуға бағытталған.
None
None

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары қаралған Үкіметтің қорытынды отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай деді.

«Бұл кешенді жоспар экономиканы ғана әртараптандырмауы тиіс. Сонымен біре жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарын барынша жаңғыртуы қажет. Бірінші кезекте бұл «Қазақмыс» корпорациясына қатысты. Өйткені, ол мыс өнімдерін балқытудың дәстүрлі технологиясынан жаңа технологияға ауысуы керек. Бұл бар шикізат қорды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», - деді С.Ахметов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Жезқазған өңірі пайдалы қазбаларға бай екенін, сондықтан барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігін баса айтты.

«Бұл бағдарлама аталған өңірді кешенді дамытуды қарастырады. Бұған қоса, қазіргі уақытта салынып жатқан, әрі 2016 жылы іске қосылатын «Жезқазған-Бейнеу», «Жезқазған-Арқалық» темір жолы өңірдің дамуына қуатты серпін беруі тиіс», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар