Жезқазған өңірін дамыту үшін 130 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінетін болады - Елбасы

РАҒАНДЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысындағы Жезқазған өңірін дамытуға 130 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінетін болады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлім етті.
None
None

«Менің тапсырмам бойынша Жезқазған өңірін дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы әзірлену үстінде. 5-6 жылдың ішінде Жезқазған халқының жағдайы айтарлықтай жақсаратын болады. Бұл мақсаттар үшін жалпы алғанда 130 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінеді», - деп атап өтті Н.Назарбаев инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске қосу бойынша өткен телекөпір барысында.

Қаражат республикалық және облыстық бюджеттен бөлінеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы жобалардың жартысын қаржыландырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 23 мамырында еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеңес өткізіп, онда Жезқазған өңірін дамыту болашағы талқыланған болатын. Кешенді жоспар дайындау үшін арнайы үкіметтік топ құрылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Елбасы Н.Назарбаев 21-22 қараша күндері жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр. Мемлекет басшысы атап өткендей, оның аймаққа жасаған сапарының басты мақсаты - индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысына бақылау жасау.

Соңғы жаңалықтар