Ұлытау облысында 2025 жылы 1,6 млн жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр
ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен осы жылдың сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды.

Оның аясында облыс бойынша 1 млн-нан астам жасыл желек, оның 20 мыңы Жезқазғанда отырғызылды. 2025 жылға арналған жоспар – 1,6 млн жасыл желек. Сондай-ақ, 3 400 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды, оның ішінде Жезқазғанда 1 680 тонна.
Акция басталғалы бері 147 мыңнан астам адам тартылды. 2 жыл ішінде Жезқазған және Сәтбаев қалаларында атмосфераға шығарындыларды мониторингілеу үшін 8 датчик орнатылды (60 млн тг).
Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Ұлытау ауданында нашар экологиялық жағдайдың және халықтың жоғары сырқаттанушылығының, онкологиялық аурулардың Байқоңыр ғарыш айлағының қызметімен байланысына қатысты ғылыми зерттеуі аяқталды.
Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстарының нәтижелері Экология және табиғи ресурстар, Денсаулық сақтау және Энергетика министрліктерінің қарауында жатыр.
Жезқазған құс фабрикасы іске қосылғанын жазған болатынбыз.