Жезқазғанда арнайы комиссия үйлердің су басуымен болған ТЖ-ның себептері мен жағдайларын анықтайды

ҚАРАҒАНДЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында нөсерлі жаңбыр салдарынан 100-ден астам тұрғын үйлерді су басқан ТЖ-ның себептері мен жағдайларын тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы облыстық ІІД-нен хабарлады.
None
None

«Арнайы комиссияның құрамына ТЖД-дің, Жезқазған әкімдігінің, коммуналдық қызметтердің өкілдері кірді. Қазіргі кезде мамандар өлшемдер, геодезиялық түсірілім жасауда. Су үлгілері алынады», - деді комиссияның төрағасы, облыстық ІІД бастығының орынбасары Владимир Пфаргер.

Арнайы комиссияның жұмысына 10 күн беріледі. Сонымен бірге тұрғындарға келтірілген шығынды анықтау керек.

«Қазіргі кезде бұл төтенше жағдайдың табиғи немесе техногендік сипатта екенін анықтау мүмкін емес. Бәрінен бұрын оның себебін анықтау керек, содан кейін тұлғалардың жауапкершілігі мәселесі шешілетін болады», - деп атап өтті. В.Пфаргер.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жезқазғанда «Қостангелді» шағынауданындағы су басқан үйлердің барлығынан су сорылды. «Судан босатылған үйлерде бөлмелерді құрғату жүргізілуде. Қазіргі уақытта энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, Жезқазған қалалық коммуналдық қызметтері, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және аймақтың басқа ұйымдары арық арнасын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстарға 11 техника бірлігі: 2 экскаватор, 7 жүкті өзі түсіретін көлік, 2 жүк тиейтін көлік жұмылдырылған», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасалып хабарланғандай, 29 қыркүйекте Жезқазғандағы «Қостангелді» шағынауданында нөсер жауындардың салдарынан 100-ден астам үй су астында қалды. Төтенше жағдайдың салдарынан 36 жастағы әйел мен 5 жасар ұл бала қаза болды, олардың мәйіттері гараждың ішінен табылды. Алдын ала жасалған болжам бойынша олар тоқ соғудың салдарынан қаза болуы мүмкін. Энергетика қызметі шағыануданның тұтынушыларын электр тоғынан ажыратты. ТЖМ-нің ақпаратынша, 61 адам қауіпсіз жерге көшірілді, 7-і құтқарылды. Үйлердің тұрғындары № 9 орта мектепте орналастырылды.

ТЖ орнында жедел штаб құрылды. «Қостангелді» (Комбинат кенті) шағынауданында барлығы 19 көше, 425 үй бар.

Соңғы жаңалықтар