Жезқазғанда есірткі жарнамалайтын 200 Telegram-канал бұғатталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында Жезқазған қаласы прокуратурасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналасатын 200 Telegram-каналдарды анықтады. 

Telegram
Фото: Рixabay

Қабылданған шаралармен «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы аталған есірткі сайттары бұғатталды, осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада жыл басынан бері 300-ден астам есірткіге қатысты қылмыс анықталғанын жазған болатынбыз.

Текеліде қолдан жасалған әдіспен есірткі заттарын дайындағандар 10 жылға сотталды.

Түркістан облысында 4 есірткі зертханасы жойылды.

Соңғы жаңалықтар