15:11, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
Жезқазғанда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып 20 мерейтойлық бағдарлама таныстырылды
АҒАНДЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 20 мерейтойлық бағдарлама әзірленді.
Бұл туралы қалалық әкімдікте мәлім етті.
Бұл бағдарламаларды Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде қалалық мәслихаттың кеңейтілген сессиясымен бірге өткізген халық алдында есеп беру жиналысында Жезқазған қаласының әкімі Берік Әбдіғалиұлы таныстырды. Қала әкімі атап өткендей, бағдарламалар өңірді абаттандыруға қатысты болып келеді.
Оның айтуынша, 2011 жылы Жезқазғанда Мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу орталығы мен балалар үйінің түлектеріне арнап Жасөспірімдер үйін ашу көзделіп отыр.