Жезқазғанда Металлургтер саябағын салу барысында жүзден астам ағаш заңсыз кесілген - прокуратура

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат/Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Жезқазған қаласында Металлургтер саябағын салу барысында заңсыз ағаш кесу оқиғасы анықталды.
None
None

Бұл туралы қала прокуроры Ғарифулла Айрамбаев хабарлады.

«Қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөліміне «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС құрылыс-монтаждау бөлімінің жетекшілігі «Металлургтер саябағы» нысанын салуда трасса төсеуге кедергі болып жатқан ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін келген. Комиссиялық тексеруден кейін 15 ағаш пен бес талды кесуге рұқсат етілген. Алайда, шын мәнінде 41 қарағаш, 17 терек ағашы, 15 тал пен ұзындығы 1,5 метр болатын 60 дана ағаш кесілгендігі анықталған», - деп түсіндірді Ғ.Айрамбаев.

Тексеруден кейін прокуратура қала әкіміне бұзылған заңнаманы жою туралы ұсыныс қағаз жіберіп, қорытындысында ТКШ бөлім бастығы жазаға тартылды, деп хабарлады прокурор.

Соңғы жаңалықтар