Жезқазғанда оқу бөлімінің бастығы сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң бұзғаны үшін жұмыстан босатылды

«Оқу бөлімінің бастығы З.Төлендина мемлекеттік сатып алу барысында қаржылық заң бұзушылыққа жол берген. Бұл жөнінде қаржылық бақылау инспекциясы айғақтайды. Қала әкімі өзінің өкімімен алдымен оған сөгіс жариялайды, одан кейін ол мемлекеттік қызметте одан әрі атқаруына үйлеспейтін іс-қимыл жасағаны үшін қызметтен босатылды. Бұл шешіммен келіспеген Төлендина ол бойынша қалалық сотқа шағымданды», - деді облыстың прокуратурасының басқарма бастығы.
Жезқазған қалалық соты әкімнің өкімін заңсыз деп танып, бұл шағымды қанағаттандырды. Қуынушы лауазымына қайта тағайындалып, сот оған еркінен тыс бос жүрген уақыты үшін 150 мың теңге мөлшерінде жалақы төлеуге міндеттеді», - Қ.Зәкіриянова.
Бұл шешіммен келіспеген Жезқазғанның прокуроры апелляциялық наразылық ұйғарымын шығарды, оны облыстық сот алқасы қанағаттандырды. «Нәтижесінде қала әкімінің оқу бөлімінің бастығын сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң бұзғаны үшін жұмыстан босатқан шешімі күшінде қалдырылды, - деп хабарлады облыстық прокуратура басқармасының бастығы. - Жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу және моралдық зардап туралы соттың бірінші инстанция шешімінің күші жойылды».