Жезқазғанда тұрғын үй өртеніп, 80-ге жуық адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Жезқазған қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

л
Фото: pexels

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде пәтер ішінде қою түтін байқалып, тұрғындарға қауіп төндірді.

— Өрт орнына Ұлытау облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жетіп, барлау және эвакуациялау жұмыстарын бастады. Құтқарушылардың күшімен 9 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Тағы 72 тұрғын өздігінен эвакуацияланды. Қызыл жалын төрт бөлмелі пәтердің жатын бөлмесін шарпыған. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді, — делінген ведомство хабарламасында.

Осыған дейін Kazinform тілшісі 50 жылда Қытайда болған ірі өрт апаттарына шолу жасады.

Соңғы жаңалықтар