Жезқазғанда жоғалған 13 жастағы қыз іздестірілуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазғанда 13 жастағы оқушы Лия Бейдельді іздестіруде. Ол төрт күн бұрын жоғалған. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.
«13 жастағы қыздың жоғалуы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру тобы құрылды. Оған криминалдық және жергілікті полиция қызметкерлері кірді. Іздеу шараларына сонымен бірге, әскерилер, білім бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер қосылды», - делінген хабарламада.
13 жастағы Лия Бейдель 4 сәуірде үйінен мектепке шығып, қайта оралмаған. Келесі күні ата-анасы оның жоғалғанын полицияға хабарлаған.
Полицейлер көпшіліктің көмегін сұрап отыр. Қызға қатысты қандай да бір мәліметті білетіндер болса 8 (7102) 76-15-53,76-33-99, факс 76-33-99 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауына болады.
«Бейдель Лия Васильевна, 13.09.2002 жылы туған.
Сырт пішіні: бойы 160-165 см, арықтау, шашы ақ сары, көзі қоңырқайлау (темные), қыр мұрнды, жұқа ернді.
Киген киімі: қара түсті былғары күртке, ақ түсті жеңіл жейде, көк түсті джинс шалбары, табаны ақ қара түсті кеды», - делінген хабарламада.