Жезқазғанның су басқан Қостангелді шағынауданында суды сорып алу бойынша жұмыстар жалғасуда

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласында, су басудан зардап шеккен Қостангелді шағынауданындағы үйлерде жарық толығымен қалпына келтірілді,  деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

3 қазандағы жағдай бойынша, 74 үйден су сорып алынды, ал 16 үйден су табиғи жолмен кетті. Аулалар мен бақшалардан және жерқоймалардан суды сорып алу бойынша жұмыстар жалғасуда. Төтенше жағдайды жоюға коммуналдық кәсіпорындардың 17 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйек күні сағат шамамен 20.00-де Жезқазған қаласының Қостангелді шағынауданында 105 үй су астында қалды. Су басу  кезінде 61 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. ТЖ салдарынан 29 қыркүйекте 36 жастағы әйел мен 5 жасар бала көз жұмды, олардың мәйіттері гараждан табылды. Жедел штаб құрылды.

Соңғы жаңалықтар