ЖХЛ: «Сарыарқа» хоккей клубы «Липецк» командасымен кездеседі

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Липецк» (Ресей, Липецк қаласы) командасымен күш сынасады.
None
None

Осы уақытқа дейін «Липецк» 19 матч өткізіп, барлығы 23 ұпай жинады. Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бұл команда 23-ші орында тұр. «Сарыарқа» да 19 ойын өткізді. Алайда оның еншісінде 32 ұпай бар. Соның арқасында Қарағанды қаласының хоккей клубы жалпытурнирлік кестеде 12-ші орында келеді.

Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Қазақстанның тағы бір командасы - «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы кеше буллит сериясында «Саров» командасына жол беріп қойды.

Соңғы жаңалықтар