ЖИ арқылы шығарылған ән Billboard чартында алғаш рет көш бастады
АСТАНА.KAZINFORM - Billboard Country Digital Song Sales рейтингісіне сәйкес, АҚШ-тағы №1 ән - жасанды интеллект арқылы шығарылған Breaking Rust-тың орындауындағы «Walk My Walk» әні болды, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл туралы Newsweek басылымы хабарлады.
Breaking Rust-тың Instagram парақшасында 35 мыңнан астам оқырманы бар. Spotify-да Breaking Rust-ты ай сайын 2 миллионнан астам адам тыңдайды.
-«Stomp, clap, hey» ырғағы мен акустикалық дыбысына қарамастан, ән шын мәнінде жоғары технологиялық продюсерлік техникаға толы, - деді Индиана университетінің музыка технологиясы бойынша доценті Джейсон Паламара Newsweek-ке берген сұхбатында.
Алайда, сарапшы ән мәтінін анық емес және мағынасыз деп атады.
Оның айтуынша, «Walk My Walk» әнін бір рет тыңдағаннан кейін оның жасанды интеллектімен жасалғаны айқын байқалады.
Шығармашылық салаларда генеративті жасанды интеллектіні пайдалану туралы алаңдаушылық көптен бері айтылып келеді. Бұл тақырып бойынша талқылаулар бірнеше жыл бұрын Голливудтағы Screen Actors Guild наразылықтарынан кейін күшейе түсті, бұл ChatGPT-дің көпшілікке таныстырылуынан кейін көп ұзамай басталды. Сол кезде көпшілік жаңа технологиялардың әсері мен олардың салдарына алаңдаушылық білдірді.
«Жасанды интеллект актрисасы» деп аталатын Тилли Норвудтың дебюті болсын, Coca-Cola компаниясының рождестволық жарнамасында ЖИ қолданылуына байланысты онлайн режиміндегі наразылық болсын, жасанды интеллектіге қатысты кез келген шығармашылық жоба қатаң тексеруден өтеді.
Сэр Элтон Джон мен Дуа Липа сияқты танымал музыканттар ЖИ жобаларын реттеуді жақтады: әртүрлі елдерде белгілі бір шығармашылық салаларда жасанды интеллектіні пайдалануға шектеу қоюға шақыратын петициялар пайда болды.
Біз бұғае дейін BekAir апатының себебі жасанды интеллект арқылы анықталуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.