ЖИ-ді дұрыс пайдаланбасақ, адамзатқа қарсы қаруға айналады — Әлихан Бәйменов

АСТАНА. KAZINFORM — Жасанды интеллектті дұрыс бағытта пайдаланбасақ, ол адамзатқа қарсы жұмыс істеуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының отырысында Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы мәлімдеді.

Бәйменов
Фото: КИСИ

— Жаңа технология — үлкен мүмкіндік пен игілік. Бірақ оның екінші жағы да бар. Егер оны дұрыс пайдаланбаса, адамзатқа қарсы жұмыс істейтін қаруға айналып кетуі мүмкін. Сондықтан да ядролық технологияны игерген кезде оның пайдаланылуын реттейтін түрлі заңдар қолданысқа енді. Енді жасанды интеллект заманында да мемлекеттер мен халықаралық қауымдастықтар жаңа заңдарды жүзеге асырып жатыр. Оны пайдаланудың шегі қандай? ЖИ-ді адамзат игілігіне айналдыру үшін не істеуіміз керек? Президенттің Жолдауында жасанды интеллектке басымдық беруі — заман талабы. Біздің жасанды интеллектті барлық салада пайдалануымыз мемлекетаралық бәсекелестікте, жаһандық жарыстарда Қазақстанның алға шығуына негіз бола алады. Бірақ оны дұрыс пайдалана алуымыз керек, — деді Әлихан Бәйменов.

Айта кетейік, ақпан айынан бастап әр студент жасанды интеллект курсынан өтуге міндетті.

Соңғы жаңалықтар