Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«ЖИ-ден жақсырақ»: Президент тұлпарының жаңа видеосы қызу талқыланып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Президенттің сүйікті сәйгүлігі Ақжанның кең далада желіген жаңа видеосы жарияланды.

ы
Фото: видеодан алынған скрин

Ақжан – өте сирек кездесетін қылаңбоз түсті жылқы. Ғанатлы және Табыс деген түрікменнің таза қанды ақалтекесінен туған. Мұндай қылаңбоз түкті жылқы Ақалтеке тұқымының өз ішінде 3 пайызға жетпейді.

Сол себепті әлемде де, әлеуметтік желіде де Ақжанның даңқы кең тарады.

Дала төсіндегі видеоны 2 миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер Дастан Мұхаметрахым парақшасында жариялады.

– Жасанды интеллектіден жақсырақ. Себебі бұл шынайы, – деп жазылған бейнекадрда.

Түсірілім жұмыстары Астана қаласының маңында өткен.

– Тұлпарды алғаш болып табиғатқа шығарып, дронға түсірдік. Президентіміздің сенімімен сүйікті тұлпарын түсіру маған бұйырған екен, – деп жазды Дастан Мұхаметрахым Instagram парақшасында.

Осыған дейін «Ақжан — Ұлы даланың мәдени феномені» деген тақырыппен материал жариялаған едік.