ЖИ EURO-2024 пен Америка кубогындағы құрамалардың жеңіске жету мүмкіндігін бағалады

АСТАНА. KAZINFORM – Германия мен АҚШ-та құрлықтық доп додалары жалғасып жатыр. EURO-2024 және Америка кубогының жартылай финалдық кездесулері 9-10 шілдеде өтеді. Жасанды интеллект қос турнирдегі жеңіске жету ықтималдығы жоғары құрамаларды атады. 

ЖИ EURO-2024 пен Америка кубогындағы құрамалардың жеңіске жету мүмкіндігін бағалады
Фото: Global Look Press

Еуропа чемпионатында Испания мен Франция құрамалары бірінші жартылай финалда кездессе, бір күннен кейін Нидерландпен Англия екінші финалисті анықтайды. 

Opta-ның есептеуінше, «қызғалдақ елі» құрамасының жеңіске жету ықтималдығы 16,23% деп есептеп отыр. Бұл – ең төмен көрсеткіш. Англияның жеңіске жету мүмкіндігін 22,98% деп бағалады. Фавориттер – Испания (30,3%) мен Франция (30,49%). 

Америка кубогына келетін болсақ, онда футбол жанкүйерлерін Аргентина – Канада және Уругвай – Колумбия арасындағы жартылай финалдық кездесулер күтіп тұр.

Канада Солтүстік Американың жалғыз өкілі және оның жеңіске жету мүмкіндігі 3,86% ғана деп бағаланды. Колумбия (16,73%) мен Уругвайда (27,6%) турнирді жеңіп алу мүмкіндігі «үйеңкі жапырақ елінің» құрамасына қарағанда әлдеқайда көп.

Қазіргі әлем чемпионы Аргентина Америка кубогы басталмай тұрып-ақ аталған турнирдің басты фавориті саналған. Лионель Месси бастаған құраманың жеңіске жету мүмкіндігі – 51,81%. 

Еске сала кетейік, Колумбия мен Аргентина құрамаларының Америка кубогының ширек финалына шыққанын жазған едік.