ЖИ кен орындарының жасырын сырларын анықтауға көмектеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық геологиялық қызмет және Astana Hub-пен бірлесіп геология саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне шығарды.

ЖИ кен орындарының жасырын сырларын анықтауға көмектеседі
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.

Жоба бойынша архивтік деректерді машинамен оқитын форматқа көшіру үшін OCR технологиялары мен заманауи тілдік модельдер қолданылады.

Жоба EPAM Kazakhstan компаниясының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар технологиялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін отандық QazTech және AlemCloud платформалары да атсалысып отыр.

Осы бастама аясында мамандар Data Science құралдары бойынша оқытылуда, құрылымдалған деректер базасы жасалып жатыр, сонымен қатар GIS-іріктеуден өткен құрылымдалған деректер базасы, интерактивті карта мен интеллектуалды чат-бот әзірленеді.

— Біздің мақсатымыз — интеллектті «геолог сияқты ойлауға» үйрете отырып, кен орындарының жасырын сырларын анықтауға қолдану, — деді Ж.Дүбірова.

Осыған дейін Өнеркәсіп министрі жасырын кен орындарын іздеу үшін инновациялық әдіс қолданылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар