ЖИ негіздерін онлайн форматта қайдан оқуға болады

АСТАНА. KAZINFORM – Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тё орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жасанды интеллект негіздерін онлайн форматта қайдан оқуға болатынын айтты.

еңбек нарығы, жұмыспен қамту
Коллаж: Kazinform

- Онлайн форматтағы тегін курстарға тоқталсақ, біз үш серіктестік жобаны ұсынамыз. Біріншісі – «ЖИ негіздері: ChatGPT» курсы. Бұл курс Lerna және Skillbox платформаларымен бірлесіп әзірленген. Бұл курсқа 220 мыңнан астам адам тіркеліп, 124 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтады.

Екіншісі – Udacity платформасымен бірлескен QazCoders бағдарламасы. Бағдарлама 4 курстан тұрады, оның бірі ЖИ-ге арналған. Наурыз айында іске қосылып, 4000 адамды қамтыды.

Үшіншісі – «Деректерді талдау және Python негіздері». Бұл енді «Яндекс Практикуммен» серіктестікте жүзеге асқан жоба. Сәуірде іске қосылып, 1500-ден астам қатысушыны тартты, - деді Валерия Тё.

Аталған курстарға тегін қатысу үшін Astana Hub мобильді қосымшасын жүктеп, AI Movement бөлімінен өзі қалаған курсты таңдау керек.

Бұған дейін NU инженері Анар Сандығұлова аутизм ерекшелігі бар балаларды жасанды интеллектіге негізделген робот терапиясы арқылы оңалту әдістемесін әзірлегенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар