19:36, 23 Желтоқсан 2024 | GMT +5
ЖИ 2030 жылға қарай адам интеллектісінен асып түседі — Илон Маск
АСТАНА.KAZINFORM — Америкалық миллиардер Илон Маск 2025 жылдың соңына қарай жасанды интеллект (ЖИ) адамдардан, ал 2030 жылға қарай бүкіл адамзаттан ақылдырақ болуы мүмкін деп санайды.

— 2025 жылдың соңына қарай ЖИ кез келген жеке адамның интеллектісінен, ал 2027-2028 жылдарға қарай барлық адамдардан асып түсуі мүмкін. 2030 жылға қарай ЖИ барлық адамдардың интеллектісінен асып түсу ықтималдығы 100% құрайды, — деп жазды Илон Маск X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Халықаралық валюта қорының мәліметінше, жасанды интеллект кейбір мамандықтарды алмастырып, әлемдік экономиканы түбегейлі өзгертуге дайындалып жатыр.