Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Италияның Бари қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші франциялық Кароль Моннемен бірге бастапқы кездесуін италиялықтар Джорджия Педоне – Дженнифер Руггеримен өткізді.

Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 6:2, 6:7 (8:10), 10:2 есебімен басым түсті.

Ж.Құламбаева – К.Монне жартылай финалға шығу үшін испаниялық Марина Бассольс – бразилиялық Лаура Пигоссимен таласады.

Бұдан бір апта бұрын Ж.Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге Прагада ITF жарысының жеңімпазы атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің теннистен әлем рекордын орнатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Денис Евсеев Түркияда Ыстанбұл жарысының ширек финалына шықты.

Ал Тимофей Скатов Испанияда Михаил Кукушкинді ұтып, ширек финалға өтті.


Соңғы жаңалықтар