Жібек Құламбаева Прага турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда тартысты матчта румыниялық Кристина-Андреа Миту – украиналық Валерия Страхованы 4:6, 7:5, 10:8 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-поляк жұбы жартылай финалда бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде жарыстың 4-ракеткалары, румыниялық Ирина Барэ – грузиялық Екатерина Горгодзені 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Ж.Құламбаева – М.Кубка финалда доданың 1-ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли – Камилла Розателломен бас жүлде үшін таласады.
Бұдан бұрын 23 жастағы Жібек Құламбаева белоруссиялық Юлия Готовкомен бірге Римде осындай жарыста жеңімпаз атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина екінші айналымға жолдама алды.
Андрей Голубев бастапқы кездесуін сәтті өткізді.