«Жібек жолы» раллиінің экипаждары Қазақстанға жетті

«Бүгін барлығы да жылдам жүрді. Дөңгелекке қысым 4 барды (атмосфера қысымының бірлігі) құрады. Кей жерлер қатқақ, кейде биік шөп, күрт бұрылыстар, жыртылған жерлер өте көп болды. Уақыт жоғалттық деп айта алмаймын. Біз қауіпсіз режімде жүріп отырдық әрі Жерар де Ройдың жүк көлігінен қалып қоймадық», - дейді Ресей аумағында өткен жарыстың үшінші кезеңіне қатысты пікір білдірген «Astana Motorsports» командасының жүргізушісі Артур Ардавичус.
Үшінші кезең қорытындысында қазақстандық экипаж 9-шы орынға, ал негізгі жіктемеде 7-ші орынға тұрақтады.
Жарыстың арнайы учаскесі аяқталғаннан кейін қатысушылар Ресей мен Қазақстан шекарасын кесіп өтіп, Қостанайдағы арнайы демалыс орнына жетті. Қазақстан арқылы өтетін келесі бағдар өте ұзақ. Ол Қостанайдан Астанаға дейін 909 шақырымды құрайды. Оның 373 шақырымы - арнайы учаске.
«Silk Way Rally - 2017» экипаждарының демалыс орны елордамызда орналасқан. Қалаға ралли қатысушылары бүгін жетеді.