Жібек жолы тарихынан сыр шертетін «Ұлы Жібек жолы» мобильді қосымшасының тұсауы кесілді

«Біз өте бай тарихы бар елде өмір сүреміз. Қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан көптеген қалалардың өркендеуі нақты осы Ұлы Жібек жолында сауда қатынастары жанданған кезге келеді. Бұл тақырыпқа жүздеген кітаптар мен тарихи зерттеулер жазылған. Бірақ қазіргі заманда ақпаратты алу мен алмасу тез жүзеге асып, тарихи еңбектерді зерттеуге уақыт қалмай қалып жатады. Сондықтан біз Қазақстан тарихының қызықты фактілерімен қол жетімді әрі қолайлы түрде таныстыратын мобильді қосымшаны әзірледік. Бұған қоса, біздің қосымшамыз еліміздің қонақтарына мәдени-тарихи танымал жерлерімен замануи интербелсенді түрде - смартфондар мен планшеттердің экрандарынан танысуға көмектеседі», - дейді «Kcell» АҚ бас атқарушы директоры Али Аган.
«Ұлы Жібек жолы» мобильді қосымшасы Жібек жолының тарихын б.д.д. ІІ ғасырдан бастап, б.д. XV ғасырға дейін «әңгімелеп» береді. Енді смартфон пайдаланушылары өздері үшін кез келген ыңғайлы уақытта Шығыс пен Батыс арасында керуендік сауданың даму кезеңіне тарихи сапар жасай алады. Мобильді қосымша Қазақстан және Орта Азия бойынша саяхаттап жүрген отандық және шетелдік туристтерге және де отандық тарихты зерттеп жүрген барлық қазақстандық мектеп оқушыларына тамаша көмекші болады.
Қосымшаның үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі ыңғайлы интерфейсі бар әрі бұл үш дәуірге бөлінген карта. Осы арқылы Ұлы Жібек жолының дамуының негізгі кезеңдерін оңай зерттеуге мүмкіндік болады. Карталарда барлық ескерткіштердің орналасқан жерлері, және де көне мемлекеттердің шекаралары белгіленген. Әр картада Google Map-қа байланысты белгілер бар.
Барлық тарихи деректер, соның ішінде карталар, тарихи ескерткіштерді сипаттайтын мәтіндер, суреттер Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдары докторы Карл Байпақов басқаратын отандық археологтар мен картографтар тобымен әзірленіп, ұсынылды. Жалпы қосымша Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Еуропадағы бірнеше қаланың аумағында орналасқан 45 тарихи құрылыс туралы әңгімелейді.
«Ұлы Жібек жолы» мобильді қосымшаны смартфонға немесе планшетке Play Market немесе AppStore-да тегін көшіріп алуға болады. Көшіріп алу үшін аталған «дүкендердің» іздеуіштеріне «Silk Road» деген мәтінді енгізу керек.