«Жібек жолы» жаңа кемесі Қазақстанның құрғақ жүк флотын толықтырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 7 мың тонна жүк көтеретін «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесі ресейлік Шлиссельбург портынан суға түсірілді.
None
None

Кемені суға түсіру салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин,  РФ көлік министрінің орынбасары Виктор Олерский, Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қатысты. Бұл туралы

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Салтанатты шараға қатысушылар алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сөз сөйледі.

Ол аталмыш шараның Мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарылып отырған «Нұрлы жол» бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыру, ҚР құрғақ жүк флотын дамыту, Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін жетілдіруден туындаған маңызды мақсат екендігін атап өтті.

 «Жаңа кеменің атын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы» деп атауы да тегін емес. Өйткені, Қазақстан мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму стратегиясына орай, Каспий инфрақұрылымын жетілдіру мен теңіз флотын құру арқылы мультимодальдық тасымалдауды жиілетуге баса назар аударылып отыр»,-деп атап өтті А. Мамин.

2013 жылы құрылған «KTZ Express Shipping» кеме компаниясы сыйымдылығы 5 мың тонналық екі құрғақ жүк кемелерін сатып алғанды. Олар арқылы астық, металл өнімдері және басқа да құрғақ жүктер тасымалданады. Сондай- ақ, «өз жүгіміз, өз  портымыз, өз  флотымыз» тәртібін меңгерген.

Биылғы жылы флот екі  «Жібек Жолы» және «Атамекен» жүк кемесімен толығады.

Биылғы жылы маусымда Загребеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А. Мамин мен «Ульяник» кеме жасау компаниясының Бас директоры Д. Росанда екі жаңа паром жасау келісім шартына қол қойды. 

2020 жылдарға қарай құрғақ жүк тасымалдау флотын жиырмаға жеткізіп, Каспий айдынына Ақтау порты арқылы шығатын құрғақ жүктің 55 пайызын қамту көзделіп отыр. 

 «Каспий Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерін байланыстырушы ғана емес, аймақтағы елдердің транзиттік әлеуетін күшейтуге ықпал етуші маңызды рол атқарады»,-деп атап өтті А. Мамин.

РФ көлік министрінің орынбасары Виктор Олерский аталмыш оқиғаны «Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи тұрғыдағы табыс интеграциялық үдеріс» деп атады. Ол бұдан әрі қарай да қазақстандық және ресейлік компаниялар арасындағы түрлі саладағы байланыстардың тереңдей түсетіндігіне сенім білдірді.

Каспий аймағындағы өзара серіктестік әлеуетін  транзиттік тасымалдауда  шоғырландыру барлық қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер әперіп, табыс көзіне айналады.

Биылғы жылы Нева кеме жасау және жөндеу кәсіпорнымен әрқайсысы 7000 тонналық екі көпсалалы құрғақ жүк кемесін жасау жөнінде келісімге қол қойылды. Жоба Еуропа қайта құру және даму банкісінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Жаңа «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесінің суға түсірілуіне байланысты, оның бортына шампан сындыру дәстүрін Маххабат Бекбосынова атқарды. М. Бекбосынова медицина ғылымдарының докторы, кардиолог. Қазіргі кезде ол Астанадағы «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар