Жыл аяғына дейін Астанадағы көлік ағынын ЖИ арқылы реттейтін жүйе әзірленеді
АСТАНА. KAZINFORM — Астана көшелерінде күн сайын 550-600 мың көлік қатынайды. Премьер-Мминистр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауабында осындай дерек айтылған.

— Қазіргі жағдай бойынша қаланың жол-көше желісіне күн сайын шығатын автокөлік саны 550-600 мыңдай. Көлік ағынының барынша үдемелі қозғалысы Мәгілік Ел, Қабанбай батыр, Тұрған даңғылдары мен Сарайшық, Қонаев көшелерінде тіркеліп отыр. Қазір көлік кептелістерін кешенді тұрғыда шешу үшін қаланың Есіл ауданы бойынша деректер жинастырылып жатыр, — деп жазылған жауапта.
Осы деректер негізінде көлік ағынын жасанды интеллект көмегімен реттейтін модель дайындалмақ.
— Астана қаласының электронды көлік моделі қабылданатын көлік шешімдерінің негізділігін үлкен деректерді талдап, трафикті болжау арқылы арттыруға мүмкіндік береді. Жүйені әзірлеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ол жұмыстарда Еуразия даму банкінің гранты есебінен жүргізіліп жатыр, — деп жазады Олжас Бектенов.
Ал Алматыда кептелісті реттейтін Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы 2027 жылдың аяғына дейін іске қосылмақ.