Жыл басынан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде елде есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жалғасып келеді. 

есірткі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылғы наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы күшіне енді, ол жеке үй-жайларда есірткіні медициналық мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін жауапкершілікті көздейді.

Мұндай бұзушылық үшін айыппұл 40-тан 80 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған жағдайда 20 тәулікке дейін қамауға алуға болады.

ІІМ деректері бойынша жыл басынан бері заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 251 кг синтетика тәркіленді. Бұдан басқа, 69 нарколаборатория, оның ішінде 5 синтетикалық есірткі өндірісі жойылды. Есірткі бизнесінің қаржылық ағынына қарсы күресте шамамен 850 млн теңгеге 8 мыңға жуық шот бұғатталды.

Қазақстанда цифрлық саладағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес аясында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті өз жұмысын бастады.

Негізгі жетістіктердің бірі 66 млн алаяқтық қоңыраулардың алдын алу болды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 25%-ға артық, 14 мың заңсыз сайт анықталып, бұғатталды. Киберқылмыстың ашылуы 2024 жылғы 28,4%-дан 38,9%-ға дейін өсті. 

Айта кетелік бейнебақылау камераларының арқасында 1,2 мыңнан астам қылмыс анықталған еді.

Соңғы жаңалықтар