Жыл басынан 64,6 млрд доллардың тауары экспортқа шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM — 11 айда сыртқы сауда айналымы 116,3 млрд долларға жетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

перевозки, жд перевозки, вагоны. железная дорога
Фото: ҚТЖ

- Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 116,3 млрд долларды құрады. Тауарлар экспорты 64,6 млрд доллар, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 23,3 млрд доллар болды., - деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, тауарлардың импорты 51,7 млрд долларға жетті.

- 12,9 млрд доллардан аса көлемде оң сауда балансы сақталады, - деді министр.

Айта кетейік, Үкімет елдің 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын қарап жатыр.

Соңғы жаңалықтар