Жыл басынан бері 47 заңсыз құмар ойынының жұмысы тоқтатылды - ҚМА

АСТАНА. KAZINFORM - Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз құмар ойындар бизнесіне қарсы күресті жалғастырып жатыр.

Тергеу
Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Жыл басынан бері агенттік 47 заңсыз құмар ойын мекемесінің жұмысын отоқтатып, 200-ден астам ойын автоматтарын тәркілеген. Сондай-ақ 11 мыңнан астам заңсыз казино мен ойын сайттарының онлайн сілтемелері бұғаттаған.

- Лудомания тек қаржылық шығындарға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салдарға да себеп болып отыр. Ойнайтын немесе басқаларды тартатын әрбір адам қылмыстық тізбектің бір бөлшегі болып табылады. Үнсіз қалмаңыз — мұндай фактілер туралы хабарласыңыз. Қауіпсіздік — жауапкершіліктен басталады, - делінгенагенттік таратқан хабарламада.

Осыған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің жыл басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар