Жыл басынан бері 7 мың ата-ана баласына вакцина салдырудан бас тартқан

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде баласына вакцина салдырмайтын ата-ана көбейіп келеді, осы жылдың 1-тоқсанының өзінде 7 мың адам екпеден бас тартқан.

вакцина, лекарства, врачи, медицина
Фото: freepik.com

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева айтты. 

— Соңғы 2-3 жылда елімізде көптеген елдегі сияқты қызылша мен көкжөтел бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады. Бұл ретте, науқастану жағдайларының басым көпшілігі жоспарлы вакцинация алмаған балаларға тиесілі. Қызылша жұқтырғандардың 75%-дан астамы және көкжөтелмен ауырғандардың 87%-ы — вакцина егілмегендер. Қызылша, көкжөтел көрсеткіштерінің өсуі инфекцияның алдын алуда иммундаудың маңыздылығын көрсетеді. Алайда елімізде вакциналаудан бас тартушылардың саны жыл сайын артып келеді, тек ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 7 мыңға жуық ата-ана баласын вакциналаудан бас тартты, — деді ол.

Маманның айтуынша, бұл жағдай қызылша мен көкжөтел бойынша ағымдағы жағдайға сөзсіз әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін оқушы қыздар арасында папиллома вирусына қарсы вакцинаның екінші дозасын алу жүргізілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар