Жыл басынан бері Бас прокурордың араласуымен 4 адам ақталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысы Алтынсарин аудандық сотының апелляциялық сот алқасы өзгеріссіз қалдырған үкіммен Кенжеғарин ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша алаяқтық жасағаны үшін бір жылға бас бостандығы шектелді.

Суд, судья, закон, правосудие
Фото: freepik.com

Атап айтқанда, Кенжеғарин Қостанай облысы Алтынсарин ауданының заңдастыру комиссиясына құжат тапсырып, Малая Чураковка ауылында орналасқан пәтерді заңдастырып, тіркеуге алған.

Кейін заңдастыру туралы шешім Қостанай облысының апелляциялық сотымен заңсыз деп танылды, өйткені Кенжеғарин комиссияға пәтерді сатып алғаны жөнінде жалған ақпарат берген.

Аталған сот шешімі Кенжеғаринді алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болды.

Шын мәнінде іс бойынша жауап алынған куәгерлер пәтерді 1997 жылы бұрынғы иесі Кенжеғаринге 100 мың теңгеге сатқанын растаған. Кенжеғарин куәгерлердің көзінше ақшаны қолхатсыз тапсырған.

Сатушыда пәтердің өзіне тиесілі екенін растайтын құжаттары болмаған, өйткені ол да оны бұрынғы меншік иесімен ауызша келісім негізінде алған.

Мұндай жағдайда Кенжеғарин азаматтық сотқа шағымдану арқылы мәмілені орындалды деп тану арқылы пәтер иесімен мәселені шешуі керек еді.

Осылайша Кенжеғариннің әрекетінде қылмыс белгілері жоқ, өйткені оның алаяқтық ниеті болмаған.

Жоғарғы сот Бас прокурордың Кенжеғарин мен пәтер сатушысы арасында азаматтық-құқықтық қатынастар туындағаны, ол қылмыстық қудалауды болдырмайды деген наразылық уәжімен келісті.

Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы сот Кенжеғаринді ақтады.

Жалпы, бірінші жартыжылдықта Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша 4 адам ақталды.

Сондай-ақ жазаны жеңілдету, әрекеттерді қайта саралау, түзеу мекемесінің режимін жеңілдету арқылы 82 адамның жағдайы жақсарды.

Соңғы жаңалықтар