Жыл басынан бері базалық зейнетақы мөлшері қаншалықты өсті

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 110%-ға дейін артты.

Зейнетақы жинағы: салымшылардың шотындағы жалпы сома нешеге жетті
Фото: Kazinform/Midjourney

Бұл туралы жылды қорытындылаған ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың құттықтауында айтылған.  

-Құрметті қазақстандықтар! Өтіп бара жатқан 2025 жыл Мемлекет басшысы мен Үкіметтің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалары мен міндеттерін іске асыру тұрғысынан біздің Министрлік үшін өте жауапты жыл болды. Ең алдымен, өтіп бара жатқан жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалғанын атап өткім келеді,-деді министр құттықтауында. 

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі таңда республикалық бюджет қаражаты есебінен мөлшері жыл сайын индекстелетін базалық және ынтымақты зейнетақыларды қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі жүзеге асырылып келеді. Жыл басынан бері зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге 4,6 млн-нан астам адам үшін шамамен 5,9 трлн теңге бағытталды, оның ішінде 2,5 млн-ға жуық зейнеткер мен 2,1 млн-нан астам мемлекеттік жәрдемақы алушы бар.

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі кезең-кезеңімен ұлғайып келеді, ол 2028 жылға қарай 5%-ға жетеді. Бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жұмыспен қамтылған халықтың 65%-ы қатысады.

Осыған дейін Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мұрагерлерге төлеу тәртібі өзгеретіні туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар