Жыл басынан бері елімізде 6 мың жол апаты болған

Алматы
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Қазақстанда 6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 542 адам қаза тауып, 7 мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жол апаттарының негізгі себептерінің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жай-күйі екенін айтты. Статистика бойынша жол апаттарының 84%-ы елді мекендерде болады. Ал, жолда жүріп ажал құшатындардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілер.

Спикердің айтуынша, елде тек 250 жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Сондай-ақ әлі 600-ден астам бағдаршам орнату керек. Одан бөлек 25 мың жол белгісі жетіспейді.

 

Алтынбек Әмит

Соңғы жаңалықтар