Жыл басынан бері Өзбекстан астанасында 29 адам жол апатынан қаза тапты

Дорожный знак ДТП Жол белгісі ЖКО жол апаты
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл 5 айда Ташкентте 393 жол-көлік оқиғасы болып, оның салдарынан 29 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Ташкент қалалық Ішкі істер бас басқармасынан (ІІББ) мәлім еткендей, жыл басынан бері тіркелген жол апаттарынан 364 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.

Барлық жол-көлік оқиғасының 61%-ы (240 жағдай) жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Жалпы апаттардың 99%-ы жүргізушінің жол ережесін сақтамауынан және жаяу жүргіншілердің көшені белгіленбеген жерден кесіп өтуінен туындаған.

Осыған байланысты ІІББ әр оқиғаға жеке талдау жасап, оның қорытындысы бойынша қажетті шаралар легін әзірлеп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмысын күшейтпек.

Соңғы жаңалықтар
telegram